
Федоровка ауылдық округінің әкімі А.Аубакировтың ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы және 2019 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесуі 2020 жылдың 14 қаңтарында Жайық ауылынан басталды. Округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндамасын оқып, тұрғындарға таныстырды. Тұрғындармен көтерген өзекті мәселе Федоровка-Подстепное тас жолынан малды жайылымға айдау кезінде автокөліктердің ІҚМ қағып кетуінің алдын алу үшін ІҚМ суреті бар белгі орнатуын сұрады. Сол жерде қойылған сұрақтарға округ әкімі А.Аубакиров қанағаттанарлық жауап берді. Есеп беру кездесуіне аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баяхатов, Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Исеев, «Теректі таза-су» ЖШС-нің директоры О.Недопекин қатысты.




