2020 жылдың 15 қаңтар айында Подстепное ауылдық округі әкімі С.Мадиевтің Тоқпай ауылының тұрғындарымен 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасары К.Шарафутдин қатысты.
Округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндамасын оқыды. Кездесуде ауыл тұрғындары қойған сұрақтарға округ әкімі С.Мадиев қанағаттанарлық жауап берді.

