
10-12 қаңтар аралығында Словакияның Осрблье қаласында биатлоннан IBU Кубогының 4-кезеңі өтті.
Ерлер арасында 10 километрлік спринтте германиялық Филип Наврат мәре сызығын бірінші болып қиды. Қазақстан құрамасы сапынан Данил Белецкий 43-ші, Петр Ермоленко 54-ші, Сергей Сирик 74-ші, Иван Дарьин 81-сатыға жайғасты.
Ал 7.5 км-ге созылған әйелдер арасындағы спринтте ресейлік Евгения Павлова жеңіске жетті. Жарыс жолына шыққан қазақ биатлоншысы Людмила Ахатова 49-шы, Евгения Красикова 69-орын алды.
Сонымен қатар, ерлер (20 км) мен әйелдер (15 км) жекелей сында кім мықтыны анықтады. Ерлерден норвегиялық Эндре Стрёмсхейм бірінші орын алса, Сергей Сирик 51-ші, Данил Белецкий 56-шы, Петр Ермоленко 76-ші, Иван Дарьин 77-ші орынмен бәсекені аяқтады. Әйелдер арасында Екатерина Глазырина топ жарса, Евгения Красикова 46-шы, Людмила Ахатова 49-сатыға жайғасты.
Жалпы кезеңдер көрсеткіші бойынша Норвегия құрамасы 6 алтынмен бірінші, Германия 5 алтынмен із қуып келеді. Үшінші орынға 4 алтыны бар Ресей және Швеция биатлоншылары жайғасқан. Биылғы додаға 45 елдің командасы қатысып жатыр.
Айта кетейік, келесі 5-кезең 16-19 қаңтарда Польшаның Душники-Здруй қаласында өтеді.


