
Бүгін Лозаннадағы жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиадада қазақ биатлоншылары аралас эстафетада 8-орын алды.
Құрама сапынан жарыс жолына Вадим Куралес пен Ульяна Ардалинова шықты. Жалпы 30 елдің биатлоншысы қатысқан бәсекеде Қазақстан 8-орыннан көрінді.
Ал Франция спортшылары мәреге бірінші болып жетсе, Италия екінші, Швеция өрендері үштікті түйіндеді.



