Лозаннада конькимен жүгіру бәсекесі өтті

    Бүгін Лозаннада жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиадада конькимен жүгіруден 500 метр қашықтықтағы бәсеке аяқталды.

    Өкінішке қарай, қазақстандық жас спортшылар жүлдеге қол жеткізе алмады. Ерлер арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 21-ші, Ақжол Нұралы 26-сатыдан көрінді.

    Жапониялық Юдай Ямомота алтын алса, испаниялық Нил Ллоп -күміс, қытайлық Живен Ксю қола жүлдегер атанды.

    Ал қыздар арасында Алина Дауранова 13-ші, Дарья Гаврилова 25-орын алды. Голландиялық Изабелла Гревельт топ жарса, қытайлық Джинджи Ван екінші, жапониялық жасөспірім Юкино Ешидо үшінші орынға табан тіреді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.