Азаматтарға кеңес: Оқушының салауатты тамақтануын ұйымдастыру

    Азаматтарға кеңес: Оқушының салауатты тамақтануын ұйымдастыру

    1. Ағзадағы физиологиялық процестер ырғақтылығын ескеріп, белгілі бір сағаттарда тамақтану астың толық сіңірілуіне және асқазан-ішек ауруларының алдын алуға ықпал етеді.

    2. Рационның энергетикалық құндылығы баланың жасын, жынысын, интеллектуалдық және дене белсенділігін ескеретін, толық өтейтін, бірақ энергия шығынынан аспайтындай болғаны дұрыс.

    3. Барлық тағамдық компоненттер (ақуыздар, майлар, көмірсулар, макро және микронутриенттер) бойынша рацион құрамының теңдестірілуі және үйлесімдігі.

    4. Рационды қалыптастыратын тамақ өнімдерінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.

    5. Рационды құрайтын тағамдардың жоғары органолептикалық және эстетикалық сапасын қамтамасыз ету, мәзірдің монотондығы мен біртектілігін болдырмау.

    6. Тағамдарды дайындау кезінде (асу, пісіру, буда дайындау) өнімдердің микронутриеталық сақталуын, қуыру мен фритюрде дайындауды шектеуді қамтамасыз ететін аспаздық өңдеу.

    7. Тағамдарды көбінесе жаңа піскен өнімдерден дайындау.

    8. Тамақтанудың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудағы ең көп таралған қателер.

    1. Таңғы астан бас тарту.

    .2. Жартылай фабрикаттармен қоректену.

    3. Көмірсуға бай өнімдерді жүрек жалғап алу асы ретінде пайдалану.

    4. Балықты тұтыну тапшылығы.

    5. Көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз пайдалану.

    6. Құрамында энергетикалық сусындар бар кофеин тұтыну.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.