Менингококк ауруынан сақтанайық!

    Менингококк ауруынан сақтанайық!

    Менингококк жұқпасы – ми қабығының қабынуымен, өзінің асқынуларымен қауіпті, бактериалдық жұқпалы ауру. Жұқпаның қоздырғыштары - менингококк бактериялары, олар ауа-тамшылары арқылы – сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде беріледі. Менингококк жұқпасын таратушылар:

    - мұрыны мен тамағы ауырған науқастар,

    - аурудың ешқандай белгісі жоқ, бактерия тасымалдаушы, ересектер адамдар.

    Менингококк жұқпасына әртүрлі жастағы адамдар бейім келеді, бірақ көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады және олардың арасында өлім-жітім жағдайлары да жиі кездеседі. Аурудың ең көп тіркелетін мезгілі – көктем айлары.

    Аурудың алғашқы белгілеріне ерекше көңіл бөліңіздер:

    1. Дене қызуының кенеттен 38-40 градусқа дейін көтерілуі;
    2. Тамақтың қызаруы, мұрынның бітелуі, әлсіздік,
    3. Бастың қатты ауырып, жылдам күшеюі;
    4. Тамақ ішуге байланысты емес құсу,
    5. Денеде, санда және аяқта жұлдызша тәрізді бөртпелердің пайда болуы.

    Жоғарыда көрсетілген белгілер байқалғанда дереу 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырту қажет. Медициналық көмекке екінші тәулікте қаралу- өте кеш болып саналады және аурудың асқынулары мен өлім-жітім жағдайларының көбеюі мүмкін.

    Ауруды алдын-алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:

    - қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;

    - суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек;

    - қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін;

    - өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;

    - бөлмелерді жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау қажет.

    Ең бастысы дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет! Өзін-өзі емдеумен айна

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.