Жаңалықтар - «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

    Жаңалықтар - «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

    Ағымдағы жылғы 15 қаңтар күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

    Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу саласында күрделі өзгерістердің енгізілгенін, жергілікті жерлерде халықтың наразылығының алдын алу мамандардың біліктілігіне тікелей байланыстылығын ескере отырып семинар-тренингке:

    • аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бөлім) басшылары;
    • жұмыспен қамту орталықтары директорлары;
    • бөлімдер мен жұмыспен қамту орталықтарының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуге қатысатын мамандары;
    • ауыл әкімдерінің атаулы әлеуметтік көмек тағайындаумен айналысатын мамандары

    барлығы 80 адам қатысты.

    Семинар-тренинг аясында жаңа тәртіптерге сәйкес енгізілген нормативтік-құқықтық актілер талқыланып, түсіндірілді. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу, отбасының жиынтық табысын есептеу, отбасының мұқтаждығын анықтау мәселелері бойынша ақпараттар берілді.

    Сонымен қатар, түрлі өмірлік ахуалдар мысалында мамандардың нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін зерделеу және мамандардың стресстік жағдайда жұмыс істеу мүмкіндіктеріне психологиялық тестілеу жүргізілді.

    Ақпарат үшін:

    Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға төленетін мемлекеттік қолдау тетігі болып табылады.

    2020 жылы Маңғыстау облысы бойынша 22 мыңнан астам адамды атаулы әлеуметтік көмекпен, оның ішінде 13 мыңнан астам баланы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамту жоспарланған.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.