Ақсуат ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтеді

    Ақсуат ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтеді

    Ақсуат ауылдық округіндегі клуб ғимаратында жергілікті әкімнің есеп беру жиыны өтті. Оған аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

    2831 халқы бар округ құрамына Ақсуат, Пойма, Магистральный, Әйтиев және Колузанов елді-мекендері кіреді. Округ әкімі Максим Энгелов жасалынған жұмыстардың барлығын дерлік жіпке тізді. "Теректі өнімдері" ЖШС округ аумағында алты жылыжай салып, 11 мыңдай қияр дақылын егіп, өнім алуда. Ақсуат ауылына кіреберіс жол күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді. Өткен жылдың басты қуанышы да осы секілді. Пойма ауылына мектеп салу күн тәртібінен түспеген мәселе. Сондықтан, 108 орындық екі қабатты мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Яғни, алға жылжу бар деген сөз.

    Ақсуат ауылындағы мектеп салынғаннан жөндеу көрмеген. Халықтың базынасы ескеріліп, аталмыш білім ошағы осы жылы күрделі жөндеуден өтетін болады. Бұл жөнінде Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов мәлімдеді. Аудан бойынша Жастар жылында "Zhas Project" жобасы арқылы 15 жоба қайтарымсыз несиені иемденсе, соның екеуі ақсуаттық жастардың еншісінде. Аудан әкімі өз сөзінде жастарды қолдауға, тың идеяларды әрдайым мұқият тыңдауға әзір екендігін жеткізді.

    Жергілікті халық округ әкімінің жұмысына жақсы бағасын берді. Олар Жайықтың тартылып бара жатқанын тілге тиек қылып, малға су тапшы екендігін ашына жеткізді. Ақсуаттық ақсақаладар тұрғындардан ауыл үшін таза ұстауға шақырды.

    Есептік кездесуден соң аудан әкімі мен бөлім басшылары жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады.

    Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.