Жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті

    Жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы Елтизаровтың төрағалығымен сұйытылған газды қолжетімді бағамен сату, тұрақтандыру мақсатында ауданымыздың жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орындасары Б.Сүлейменов, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Д.Мураталиев және аудан бойынша АГҚБ ішінен 10 өкілі қатысты.

    Күн тәртібіндегі мәселе: 1 Ауданға бөлінетін сұйытылған мұнай газдың мөлшері.

    2 Сұйытылған мұнай газдың бөлшек саудадағы бағасы.
    Аудан әкімі сұйытылған газдың лимиті бойынша жеке кәсіпкерлермен келісімге келді.
    Сұйытылған газды бөлшек саудада сату үшін, жеке кәсіпкерлерге Маңғыстау облысы сұйытылған газыбен толық қамтамасыз ету және бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумға отыруға, жыл соңына дейін сұйытылған газдың бағасы 58 теңгеден асырмауына жеке кәсіпкерлер келісім берді.
    Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерге іркіліссіз электронды сауда алаңына (ЭТП) кіру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігімен 24 қаңтар күні аудандық мәдинет үйінде арнайы оқыту семинарлары мен тренингтер өтеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.