"Мұнайлы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұсауы кесілді

    "Мұнайлы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұсауы кесілді

    "Мұнайлы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұсауы кесілді.
    Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мұнайлы аудандық филиалы салтанатты түрде ашылды.

    Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы, «Маңғыстау– адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімханұлы,
    Мұнайлы ауданы әкімі Елтизаров Рахат Тезекбаевич және аудан активі мен топ мүшелері қатысты.

    Тұрмыстық сыбайластыққа қарсы күрес мақсатында ашылған жобалық кеңсенің лентасын Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімханұлы және «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Мамашұлы Үсіпбаев қиды.
    Бұдан былай "Мұнайлы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аудан тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныстарын назарға алып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз үлесін қосатын болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.