
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МҰНАЙЛЫДА
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішов іс-сапармен Мұнайлы ауданына келіп, аудандық орталық емхананың жұмысымен танысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Амангелдіұлы аудандық орталық емхананы аралап, дәрігерлердің кабинеттеріне кіріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағытында жұмыс жасауға дайындықтарын тексерді. Оларға медициналық сақтандыру жүйесінің есебінен жүргізілетін жұмыстар жөнінде сұрақтар қойды. Дәрігерлер сұрақтарына толыққанды жауап беріп, биылғы жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі қызмет сапасының арттыруына мүмкіндік болатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар кез-келген пациент МӘМС жүйесіндегі өз статусын тексере алатынын айтты.
–2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесін енгізіп жатырмыз. Сақтандырудың артықшылығы мнедициналық қызметтердің мөлшерін кеңейту, дәрі-дәрмек мөлшерін көбейту. Кеңейту мақсаты азаматтардың қалтасынан емес мемлекет тарапынан кепілдендірілген денсаулық қызметі бойынша тегін қызмет көрсетіп, тегін дәрі-дәрмекпен қамту. Бұрынғы КТ(компьютерлік томография), МРТ (магниттік-резонанстық томография) негізгі кепілдендірілген пакетке кірмейтін болса енді сақтандыру бойынша жаңа пакетке енетін болады. Азаматтарға арналған 15 категория бар. Жұмыс жасайтын сақтандырылған тұрғындарға, мүгедектерге, балалар мен жүкті әйелдерге кеңейтілген пакеттің бәрі тегін көрсетіледі. Дәрігерге қаралу, емделу, қымбат оталар барлығы дерлік тегін көрсетіледі-дейді, денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Амангелдіұлы.
Вице-министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша дайындық жұмыстарына тоқталып, әлі де түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты. Себебі, көптеген азаматтардың түсінушілігі аздау. Осы жаңа мүмкіндіктерді қалай пайдалану керек, қалай алуға болады, қай жерлерге бару керектігі жөніндегі жұмыстарды нығайтып, күшейту керек. Әр азаматтың сана сезіміне жеткізу үшін осы дәрігерлермен, емханалармен бірлесе анықтауға жұмыстанып жатырмыз-дейді, ол.
Сонымен қатар, тұрғындар мәртебесіне тоқталып, Қазақстан бойынша 18,8 млн тұрғынның статусы сақтандырылған болып тіркелгенін және 1 сәуірден бастап 15 категорияға кірмейтін болса, 1406 нөміріне тегін соғып толық ақпарат пен кеңестер алуына мүмкіндік жасалғанын жеткізді.
Аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың бірқатар сауалдарына да жауап берді.

