Германияда Батима Зəуірбекованың жеке көрмесі өтеді

    Германияда Батима Зəуірбекованың жеке көрмесі өтеді

    24 қаңтарда Германияның Кельн қаласында осыған дейін әлем елдерінде көптеген жеке көрмелерін өткізген әйгілі суретші-гобеленші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Батима Есмұратқызы Зəуірбекованың жеке көрмесі ашылады.

    Батима Есмұратқызының гобелендері қазақ елінің аса құнды қазынасы. Б. Зәуірбекованың гобелен өнері өзіндік поэтикалық болмысымен, композициялық желісінің ерекше нәзік әуезділігімен және өмірлік философиялық терең тұжырымымен ел ішінде де, алыс-жақын шетелде де биік бағаланып, мойындалған.

    50 жыл шығармашылық өмірінде Бәтима Есмұратқызы қазақ топырағында гобелен өнерін қалыптастырып, тұңғыш түлетушілердің бірі ретінде, ұлттық өрнекпен тоқыған еңбектері арқылы, қазақ гобеленнің Анасы атанды.

    Біздің анықтама:

    Батима Есмұратқызы Зәуірбекова Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері. 1969 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тамандаған. 1970 жылдың басында-ақ оның: «Қодық» (1972), «Жіп иіруші қыз» (1972), «Керуен» (1973), «Көктем» (1975), «Жазира» (1976) атты камералық гобелендері ел назарына ілікті. 1974 жылы Қазақстан ЛКСМ ОК-нің Құрмет граматосымен марапатталған. 1976 жылы Мәскеуде өткен көрмеде КСРО Мәдениет министрлігі мен ВЛКСМ ОК-ның және КСРО Суретшілер Одағының дипломына ие болған. 1977-78 жылдары «Қазақстан шұғыласы» атты алып монументальды тоқыма композициясын (Қ.Тыныбеков, И.Ярема, Е.Николаевамен бірігіп) жасап шығарды. 1980 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

    Әр жылдары е лімізде және дүние жүзіндегі халықаралық көрмелерге қатысқан. 2017 жылы Астанадағы Ұлттық музейде «Ұлы дала өрнектері» атты көрмесі өтті.

    Оның көркем шығармалары ҚР Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейі мен Семей қалалық тарихи-өлкетану мұражайына қойылған.

    Батима Есмұратқызының гобелендері Америка, Франция, Италия, Швейцария, Германия, Польша, Австралия, Канада, Словакия, Түркия және т.б мемлекеттердің жеке коллекционерлерінің қорында сақтаулы.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.