
20 қаңтарда Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов жұмыс сапарымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына» барды.
Облыс әкімі музей-қорық жұмысымен, болашақта салынатын «Сапар орталығының» орнымен, оның жобасы, мақсатымен танысты. Облыс басшысы музей-қорықта 2019 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмысынан табылған жәдігерлерге назар аударып, маңызы зор тарихи-мәдени орынды сақтау және оны дамыту, туристік орталыққа айналдыру мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, Алтын Орданың 750 жылдығына қатысты атқарылатын шаруларды пысықтады.



