
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтуге байланысты, Қазақ ұлттық хореография академиясы тұңғыш рет шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушыларын қамти отырып, «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты президент мақаласы бойынша онлайн дәріс ұйымдастырды.
«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ бірінші проректоры Б.Нүсіпжанова (модератор) кіріспе сөз сөйледі. Президент мақаласын талқылауға арналған д әрісті философия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім оқыды.
Онлайн-дәрісте Ғарифолла Есім «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты президент мақаласындағы негізгі бағыттар туралы айтты. Сонымен қатар академик осынау мақалаға байланысты студенттер сауалына жауап берді.


