Словенияда биатлоннан Әлем Кубогының 6-кезеңі өтіп жатыр

    Словенияда биатлоннан Әлем Кубогының 6-кезеңі өтіп жатыр

    Қазіргі кезде Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан Әлем Кубогының алтыншы кезеңі өтіп жатыр. Кеше 20 шақырымдық жекелей сында ерлер жарыс жолына шықты. Бұл бәсекеде норвегиялық Йоханнес Бё мәре сызығын бірінші болып қиса, күміс пен қоланы француз Мартен Фуркад пен Фабьен Клод алды.

    Ал қазақ биатлоншылары арасынан Роман Еремин 51-ші, Антон Пантов 62-ші, Тимур Куц 93-ші сатыға жайғасты. Әлемдік додаға 109 биатлоншы қатысқан.

    Бүгін әйелдер 15 шақырымда жекелей сында жарысады. Жүлдеге таласатын 101 спортшының арасында Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Бельченко, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева да бар.

    Айта кетейік, кеше басталған Әлем Кубогының 6-кезеңі 26 қаңтарға дейін жалғасады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.