Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында олимпиада болып өтті

    Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында олимпиада болып өтті


    Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында 21-23 қаңтар күндері өткен ІІ республикалық Абай олимпиадасына ауданымыздан үш оқушы қатысып, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. №5 орта мектептің 11-сынып оқушысы артықбаева Үмітай І орын, №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Абдуллаева Гулбану «Үздік нәтиже», №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр ІІІ орын алып, аудан абыройын асқақтатты. Жүлдегер оқушылардың жетекшілері: Алдабергенова Замира Арғынғазықызына, Садирова Сәуле Ксенбайқызына және Мухаммедова Гүлнар Кадырбайқызына алғыс білдіре отырып, оқушыларға талаптарыңыз таудай болсын, алар асуларыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз! Жарайсыңдар!

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.