Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету басты назарда!

    Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету басты назарда!

    Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету басты назарда!

    Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту бағытында жиын өтті.
    Аталған жиынға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі бөлімінің басшысы А.Сәрсенбаева, ауыл мен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мемлекеттік қызметке жауапты мамандары, жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
    Жиын барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі бөлімінің басшысы А.Сәрсенбаева мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бағытында жасалатын жұмыстар жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.
    Жиын соңында Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаров барлық мемлекеттік қызметті көрсететін мекеме басшыларына және жауапты қызметкерлерге ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен осы заңның орындалысын жүзеге асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қатаң бақылауға алуды, қызмет алушыларға қызмет көрсету тәртібін түсіндіруді, баламалы түрде электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толықтай электронды түрде көрсету бағытында шара қабылдауды, қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы тиіс құжаттарды талап етпеуді, мерзім бұзушылықты болдырмауды, құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда қызмет көрсетпеуді, сондай-ақ ХҚКО-на бармай-ақ M-gov, Telegram хабаршасында EgovKzBot2.00 мобильдік қосымшасы арқылы анықтамаларды алу мүмкіндіктері жөнінде аудан тұрғындарына насихаттау жұмыстарын жүргізуді, басшылық тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.