
"Таза су" бағдарламасы аясында тиісті қаражат бөлініп, Қарауыл ауылында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.
Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Борашұлы осы жұмыстарды атқаруға жауапты мердігермен бірге жоба бойынша су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда ауыл бойынша су құбырларын қазумен 4 экскаватор айналысуда. Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасына сәйкес бұл жұмыстар биылғы жылы аяқталуға тиіс. Осыған орай мердігер компания басшысымен бірге басталған жұмыстарды аралап шығып, тиісті тапсырмалар берді.
Сондай ақ, биылғы жылы Орда ауылына блокты модульді станция (БМС) орнатуға қаржы қарастырылды.
Бұл аталған екі жоба іске асып, тиісті жұмыстар жасалғаннан кейін Абай ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.





