
Бүгін аудандық "Ашық әкімдікте" аудан әкімі Жарқынбек Борашұлы кестеге сәйкес қабылдауға жазылған ауыл тұрғындарымен кездесті. Қабылдауға 7 кісі келіп, жеке мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.
Түскен өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға мәселенің шешілуі жайында тапсырма берді. Тұрғындармен ашық қарым-қатынас, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.



