
8 ақпанда Нұр-Сұлтанда Hilton Astana қонақ үйінде ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз жиыны өтеді.
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қырғыз елінің өкілдері қатысады.
Жиын барысында Орта Азия аймағында ММА аралас жекпе-жекті дамыту және маусым айында Нұр-сұлтан қаласында ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионатын өткізу мәселелері талқыланады.


