ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    Акимат города Шымкент·
    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Оған қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев пен мәслихат депутаттары және қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сессияда күн тәртібінде тұрған төрт мәселе қаралды.

    Бұған дейін комиссия отырысында кеңінен талқыланған барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

    Сессия барысында сөз алған қала басшысы алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және халықтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.