АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰМДЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

    АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰМДЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

    Аудан әкімі алғашқы күнгі ауыл округтеріне есеп беру жиынын Аққұм ауыл округінде қорытындылады. Есепті жиын 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін ұсынды. Қашанда еңбектің қызу шағында жүретін аққұмдықтар ауыл шаруашылығы саласын дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мәселен ауыл округі бойынша 2019 жылы 6604 га суармалы жерге егіс дақылдары егіліп, жоспар өткен жылмен салыстырғанда 2303 га жерге артығымен орындалған.
    Биылғы жылы ішкі Л.Оспанов көшесіне ұзындығы 540 м орта жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) жүргізілді. 2019 жылы 5 көшеге Л.Оспанов, А.Жармаханбетов көшелеріне асфальт төсеу үшін, С.Сейфуллин, Ш.Асанов және Б.Абдрахманов көшелеріне аяқ жол (тротуар) салу және абаттандыру, жарықтандыру (освещение) үшін мемлекеттік акт алынды. 2019 жылы Л.Оспанов, А.Жармаханбетов көшелеріне асфальт төсеу үшін жобалық сараптамалық құжаттары толық дайындалып алдағы уақытта қажетті қаржы бөлінеді деп күтілуде.
    Өз кезегінде 2020 жылы Аққұм ауыл округі бойынша көптеген ауқымды жұмыстар атқарылатынын атап өткен аудан басшысы көпшілік тарапынан көтерілген сауалдарға аудан басшысы жеке-жеке тоқталып, қанағаттандырарлық жауап берді.
    Жиын соңында аудан әкімінің атқарған жұмыстарына аққұмдықтар өздерінің оң бағаларын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.