АУДАН ӘКІМІ ОТЫРАР АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

    АУДАН ӘКІМІ ОТЫРАР АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

    Бүгін аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің кезекті есеп беру жиыны аудан орталығына ең жақын орналасқан Отырар ауыл округінде өтті.
    Есепті кездесуде аудан басшысы 2019 жылы атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
    Жалпы Отырар ауыл округінде өткен жылы 1972,8 га жерге егін егіліп, шаруалар егін науқанын жақсы нәтижемен аяқтады. Ауыл тұрғындарының арасында жылыжай шаруашылығын дамыту арқылы көкөніс егіп, бір жылда екі рет
    өнім алып үлгерді. Атап айтқанда ауыл азаматтары Е.Әбдуалиев 0,04 га жерге, Ж.Тұрмағамбетов 0,03 га, Ә.Асанов 0,07 га жерлеріндегі жылыжайларына қияр, қызанақтар секілді көкөністерді егіп, аудан және ауыл тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Шаруалар алдағы жылы жылыжайларының көлемін 0,30 га жеткізбек ниетте.
    Сондай-ақ ауыл округінің 2019 жылдың 12 айындағы жалпы кірістері 8 980,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты 9 433,9 мың теңгеге яғни, 105,1 пайызға артығымен орындалып отыр. Өткен жылы жылы Арыс ауылындағы Қ.Төлбасиев көшесіне ұзындығы 1,3 шақырым, А.Құлбатыров көшесіне ұзындығы 2,1 шақырым, Қ.Дүтбаев көшесіне ұзындығы 800 метр болатын жолдарға «Ауылым-Алтын бесігім» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 211,1 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауылдағы Егемен көшесін орта жөндеуге аудандық бюджеттен 12,3 млн. теңге, Б.Қабылов көшесіне тас төсеуге 9,4 млн. теңге, Т.Танкеев көшесіне тас төсеуге 10,8 млн. тенге, Ә.Смайылов көшесіне тас төсеуге 4,9 млн. теңге, Б.Әйтпенов көшесіне тас төсеуге 913,0 мың теңге бөлініп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек ауыл округі бюджеті есебінен Арыс ауылындағы ішкі көшелерінің жөндеу мақсатында П.Қалыбеков, Н.Құлымбетов, Парасат, №7 көшелерінің сметалық құжаттары мен мемлекеттік актілері әзірленіп, 2020 жылдың бюджетіне ұсынылса, К.Момбеков автожолын күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 4,9 млн. теңге қаржы бөлініп, мем.сараптамадан өтті.
    Келелі кездесуде аудан басшысы 2020 жылы жүзеге асырылатын жұмыстардың барысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.
    Жиын барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап қайтарды.
    Аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген баға берген ауыл тұрғындары оның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.