АУДАН ӘКІМІ ҚАРҒАЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

    АУДАН ӘКІМІ ҚАРҒАЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

    Бүгінгі күнге жоспарланған аудан әкімінің кезекті есеп беру жиыны Қарғалы ауыл округінде қорытындыланды.
    Есепті кездесуде ауыл тұрғындары аудан басшысының 2019 жылы атқарған жұмыстарын бейнесюджет арқылы тамашалады. Қарғалы ауыл округіндегі мал шаруашылығы жылдан жылға дамып келеді. Мәселен өткен жылмен салыстырғанда мал басы 112 пайызға артқан. Атап айтар болсақ мүйізді ірі қара 3354 бас, жылқы 1050 бас, уақ мал 27044 бас болы е
    сепке алынған.
    Есепті жыл ішінде ауыл округіндегі Дәулет көшесіне тас төселсе, 860 метр болатын Қарғалы көшесіна асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Отырар ауылындағы Сулы-кесік учаскесінен фельдшерлік-акушерлік пункт жайы салынып, ел игілігіне берілді. Ауыл округі аумағынан өтетін облыстық деңгейдегі 18,6 км Темір-Отырар автожолы бірнеше жылдардан бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келген еді. Аталған жолға 2019 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
    Аудан әкімі Ә.Жүнісов 2020 жыл ауданымыз үшін, оның ішінде Қарғалы ауыл округі үшін мерейлі де, берекелі жыл болатынын тілге тиек етті. Ағымдағы жылы ауыл округіне қарасты елді мекендерде ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, ағын су мәселесін шешу басты назарға алынып отыр.
    Жиын барысында аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарды.
    Көпшілік аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағаларын берді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.