
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ғимаратындағы халықпен кездесу
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департменті №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ж.Аймухамбетова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы филиалы «Халықтық кеңсе» ғимаратында ағымдағы жылдың 29 қаңтарында, ал 30 қаңтарда №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г.Тельжанова «Халыққа қызмет көрсету орталығында» ұйымдастырылған халықпен кездесуде 2020 жылдан бастап енгізілген әлеуметтік саладағы өзгерістер мен толықтырулар туралы түсініктер беріліп,әр түрлі сұрақтарымен ( 1.01.2020ж.бастап арттырылған әлеуметтік төлемдер жөнінде, зейнетақы төлемін тағайындау, көп балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыларын тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы т.б..) келген азаматтарға Департамент құзырындағы сауалдары бойынша толыққанды түсініктер берілді.


