«Бекет Ата» мешіті мобильді қосымшаны іске қосты

    «Бекет Ата» мешіті мобильді қосымшаны іске қосты

    Маңғыстау облыстық «Бекет Ата» орталық мешіті «Діни кітаптар» атты мобильді қосымшасын көпшілік назарына ұсынды.

    Жаңадан жасақталған мобильді қосымшада асыл дінімізге қатысты 60 кітап қамтылған. Өзіңіз қалаған кітап түрін таңдап оқуыңызға мүмкіндік бар.

    «Мұның ерекшелігі – мобильді қосымшаның көлемін азайту және кітапты оқуға ыңғайлы болу мақсатында кітаптар онлайн түрде оқылады. Кітаптардан өзіңізге қажет кез келген сөзді іздеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, кітаптың кез келген бетіне оңай өтіп, керегіңізді тауып, оқи беруіңізге болады. Барлығы Әбу Ханифа мәзһабына сай негізделген» дейді Маңғыстау облысының бас бас имамы Әнуар Елжанов.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.