
Абайдың үлгі-өнегесі мен өсиетін санамызда жаңғырта отырып, ел руханиятын дамыту баршамыздың ортақ мақсатымыз.
Бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты мерекелік шара ақынның туған жерінде салтанат құрды. Салтанатты шарамызға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабатұлы арнайы келіп қатысты.
Ел мақтанышы, жерлесіміз, қазақ күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рыпаков Денис Сергеевич бастаған спорт саласының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы спорт комитетінің мемлекеттік жаттықтырушысы Атамекен Нәбиұлы бастаған төрешілер алқасы, Алматы қаласының «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы қатысты.
Шара аясында ұлы бабамыздың саят құрған сайын даласында ұйымдастырылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты республикалық құсбегілер сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Салтанатты шара «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен жалғасты.





