ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН

    ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН

    Бүгін ауданымызға облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы-бас мемлекеттік инспектор Алмасбек Мамытбеков арнайы келіп, отырарлықтармен кездесу өткізді.
    Аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліштің төрағалығымен өткен кездесуде Алмасбек Кеңесбекұлы баяндама жасап, еңбек қатынастарын реттеу, еңбек заңнамаларын сақтау туралы ҚР қолданыстағы заң талаптарына тоқталып өтті.
    Инспекцияға 2019 жылы келіп түскен өтініштердің дені еңбек демалысына шығу мерзімінің бұзылуы, еңбек демалысы мен емдеу-сауықтыру ақысының, айлық-жалақыларының мерзімінде, дұрыс төленбеуіне байланысты мәселелер екенін атаған бас мемлекеттік инспектор еңбек заңнамаларын қатаң сақтауға шақырды.
    Кездесу барысында тұрғындар мен мекеме қызметкерлері өздерінің түйткілді мәселелері бойынша жолдаған сауалдарына басқарма басшысы тұшымды жауаптар қайтарып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме берді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.