
Ағымдағы жылдың ақпан айының 5 күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы Мұнайлы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында ауыл мен ауылдық округ әкімі аппараттары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға ауыл мен ауылдық округ әкімі аппараттарының жер саласына жауапты мамандары мен мемлекеттік корпорация қызметкерлері қатысты.
Шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздіктері, қызмет алушылардан электрондық түрде алынатын анықтамаларды талап етпеуді және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 1 кезеңін толықтай электронды түрде жүргізудің тиімділігі жөнінде талқыланды.



