
Аудан әкімі Р. Елтизаров 2019 жылы аудан көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып, халық алдында жылдық қорытынды есеп берді.⠀
⠀
Ауданның жалпы макроэкономикалық көрсеткіштері 23 көрсеткіштен құралған, оның ішінде а.ж. 1 желтоқсан жағдайына мәліметтер келесідей:
Мұнайлы ауданының халқының саны 169,4 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,4 мың адамға көбейді. (01.12.2018ж.- 160,0 мың адам)
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 01.12.2019 ж. жағдайына 54 423,3 млн. теңгені құрады. (01.12.2018ж.- 59 069,3 млн. теңге). 2019 жылғы қаңтар-қазанға өнеркәсіп кәсіпорындары 50 233,7 млн.теңге өнім өндірді, оның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында тисінше 39416,9 млн. теңгені және 7321,6 млн. теңгені, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа балтауда – 1681,6 млн.теңгені және сумен жабдықтауда – 1813,6 млн. теңгені құрады.
Есепті кезеңде ауданның кәсіпорындары 129,5 мың тонна шикі мұнай өндірді, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазанда 96,9%-құрады. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 94,3% құрады (01.12.2018ж.-95,0%).
Ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 1 346,3 млн. теңгені құрады. НКИ – 101,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29 291,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 701,4 млн. теңгеге көбейген. (01.12.2018ж.–20 395,2 млн.теңге.).
Жалпы көлемі 187,8 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,8 мың шаршы метрге көбейген. (01.12.2018ж – 160,0 мың ш.м.)
Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 6 218,5 млн.теңгені құрады.(01.12.2018ж. – 6 963,4 млн. теңге).
Төлемдер бойынша бюджетке берешек – 424,7 млн теңге. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 254,5 млн теңгеге төмендеген (01.12.2018ж.- 3679,2 млн.теңге), соның ішінде жергілікті бюджетке – 210,9 млн теңге, республикалық бюджетке – 213,8 млн теңге (ЖК «Табынбаев Е.С» - 105 848,4 мың теңге қосымша құн салығы бойынша берешегі бар).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 408,3 млн. теңгені құрады. (01.12.2018ж.-13 126,8 млн.теңге). Жалпы, аудан бойынша 2018 жылы даму бюджетіне 3 696,4 млн.теңге бөлінсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 2 292,2 млн.теңгені құрады. Сонымен қатар, 2019 жылы «Альянс ЛТД» ЖШС, «Ас Құрылыс» ЖШС және «Нұр жол құрылыс» ЖШС-нің жұмыс көлемідері өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Сонымен қатар, 2018 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қаржыландырылған (жоба құны 709 млн.теңге) Бесшоқы тұрғын массивіндегі 15 шақырым жол құрылысы және 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілді (жоба құны 433,4 млн.теңге), отбасылық 100 орындық жатахана (жоба құны 940,1 млн.теңге), кітапханасымен бірге 500 орындық МҮ (жоба құны 995,6 млн.теңге) Атамекен және Басқұдық ауылдық округінің аралығында орналасқан ХГМЗ зауытынан қалаға дейінгі жол құрылысын бастаған. Сәйкесінше, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 53,6% құрап отыр (01.12.2018ж.-86,9%).
2019 жылдың 1 желтоқсан жағдайына 5 711 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. (01.12.2018 жылы – 5 638) Сәйкесінше, шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 10 150 адамды құрады.
Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 327,5 млн.теңге көлемінде Оның ішінде: Атамекен МКҰ арқылы 12 адамға, 107,9 млн.теңге көлемінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 51 адамға 219,6 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. (01.12.2018 жылы – 69 адамға 282,3 млн. теңге).
2019 жылдың 1 қараша жағдайына барлық экономикалық қызмет түрлерінің жұмысшыларының орташа жалақысы 165 639 теңгені құрап отыр. (01.12.2018 ж. – 148 928 теңге).
Мемлекеттік қызметтер. Мемлекеттік қызметтер. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес ауданға қарасты жергілікті атқарушы органдармен 91 мемлекеттік қызметтің түрлері көрсетіледі.
2019 жылдың 11 айында көрсетілген қызметтердің саны – 77 783 қызмет (01.12.2018ж.–70961), өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету үлесі 1,09 пайызға өсті.
2019 жылдың күні бүгінде аудан әкімдігіне 96 заңды және 2339 жеке тұлғалардан, барлығы 2442 арыз келіп түсті. Барлық арыздарға жауаптар заң талаптарына сай уақытында берілді. Сонымен қатар, жыл басынан аудан әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауында 766 адам қабылданды.
Білім саласы. Білім саласына ағымдағы жылы 11 907,2 млн. теңге бөлінді (01.07.2018ж. - 8 789,6 млн.тг.), бұл барлық аудан бюджетінің 55,8 құрап отыр.
Қазіргі таңда, ауданда 15 мектеп және 1 лицей бар, онда 32 765 бала білім алады.
2018-2019 оқу жылында жалпы 739 түлек бітірді, оның ішінде, 37 кешкі мектеп түлектер, 702 күндізгі оқу мекемесінің түлектері. Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан бала саны – 556. Тестілеудің қорытындысы бойынша 218-і мемлекеттік білім беру грантының, 21 жергілікті бюджет есебінен берілетін білім беру грантының, 7-еуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен бөлінген көп балалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алатын балалары үшін білім беру грантының иегерлері атанды. Аудан бойынша 19 оқушы «Алтын белгі», 39 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Биыл 2019 жылы облыстық бюджеттен Батыр ауылдық округінен 960 орындық мектептің құрылысына 1 732,5 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2020-2021 оқу жылына қолданысқа берілетін болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округіндегі қолданыстағы мектепке қосымша әр қайсысы 320 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Балабақшамен қамту. Қазіргі таңда ауданда 14 мемлекеттік, 60 жекеменшік барлығы 74 балабақша жұмыс жасайды. Балабақшамен қамту 2017 жылы 83%, 2018 жылы 96,7%, 01.12.2019 жылы 100%.
Жыл басынан барлығы 1541 орындық 17 жекеменшік балабақша ел игілігіне табысталып, іске қосылды.
Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 16 денсаулық сақтау ұйымдары тіркеліп, әр ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар, бастапқы медициналық көмек көрсету орталықтары, аудандық орталық 40 төсектік аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана 3 жекеменшік «Көңілімқос», «Мұхамбет» және «Ясин» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс жасайды.
2019 жылдың 1 желтоқсан жағдайына дейін 4248 бала дүниеге келді
Денсаулық сақтау саласында 01.12.2019 жылы 1 - жасқа дейінгі сәби өлімі 11,4 промильді (44 бала) құрады Бала өлімінің басым бөлігі, балалардағы туа біткен ақаулардан (жүректегі күрделі ақау, ерте босану, туа біткен трахеомаляция) анықталып отыр.
Жыл басынан 1 ана өлімі тіркелді. Ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында аудан тұрғындарының жүктілігі анықталған кезден бастап тұрақты бақылауға алынып және түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Өкпе ауруына шалдыққандар 100 мың тұрғынға шаққанда 47,8 промильді (56 адам) құрап отыр.
Мәдениет және спорт саласы бойынша Елбасының 2019 жылды жастар жылы деп жариялануына орай, демеушілер есебінен Қызылтөбе ауылынан Жастар саябағы ел игілігіне пайдалануға берілді.
Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен 160 көрерменге арналған дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің құрылысы жер қойнауын пайдаланушы компанияның есебінен салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудан аумағына қарасты ауыл, ауылдық округтерге 10 балалар ойын алаңдары мен 10 спорт алаңдарын кәсіпкерлердің демеушілігімен салу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлік саласы бағытында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 25 жобаға 215,7 млн.теңге кепілдендіру берілді, субсидиялау бойынша 32 жобаға 1 млрд.81 млн. теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді. (01.12.2018 жыл жағдайына кепілдендіру 20 жоба 280,9 млн.теңге).
2019 жылдың 1-ші желтоқсан жағдайына 5 711 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (01.12.2018 жылы 5 638), жұмыспен қамтылғандар саны 10150 адамды құрайды.
«Бизнес 3 күнде» бағдарламасы бойынша 28 отбасыға бизнес бастауға 7,6 млн. теңге қаржы тағайындалды. Оның ішінде, 8-жағдайы төмен отбасы, 9-көп балалы отбасы, 6-жалғыз басты ана, 7-мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан 2018 жылы 47 жоба, 2019 жылы 22 жоба мақұлданды. Мақұлданған 69 жобаның несие соммасы 1 млрд.213,2 млн. теңге және 641 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда, несие соммасы 810,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба қаржыландырылды. (6 білім саласы, 3 денсаулық саласы, 9 ауылшаруашылық саласы, 9 өндірістік сала, 2 спорт және туризм саласы, 5 қоғамдық тамақтану, 7 қызмет көрсету). Ашылатын жұмыс орны 426.
Сонымен қатар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 313 адам, «Бизнес кеңесші» курсы бойынша 117 адамға, «Жас кәсіпкер» бойынша 108 адамға сертификат табысталды.
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында отандық және шетелдік компанияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруды мақсат етіп келеді.
Ауданда 2019 жылы жеке инвестициялық жобалардың 35 іске қосылып, 690 жұмыс орыны құрылды. (Жеңіл өнеркәсіп саласында 1 жоба, туризм дамыту саласында 1 жоба, жекеменшік спорт саласын дамыту бойынша 4 жоба, жекеменшік бағытында білім саласын дамыту бойынша 17 жоба, жекеменшік мейрамхана саласында 7 нысан, сауда орталықтар және супермаркеттер 4 нысан).
Соның ішінде, Маңғыстау ауылынан 2019 жылдың I жарты жылдығында көп салалы жекеменшік спорткешені ашылды. Бұл бағытта «Нұр капитал» бағдарламасына қатысып, 30 млн. теңге қаржыландырылды (15 адамға жұмыс орны ашылады).
Әлеуметтік сала бағыты бойынша Әлеуметтік сала бағыты бойынша 2019 жылы ауданда 4000 жұмыс орнын ашу міндеттелген болатын. Есепті кезеңде 4297 жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 13 жұмыс орнына көбейді. (соның ішінде 1409 жастар жұмыспен қамтылды) Оның ішінде, 2408 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. (1809 адам мемлекеттік органдар және жеке кәсіпкерлік нысандарына, 341 білім беру, 106 денсаулық саласына және 152 жасыл ел).
Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көп балалы атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалуда. 01.12.2019 жыл жағдайына жалпы барлығы 1605 отбасына 100 мың теңге төленді. Жыл соңына дейін 70 отбасыға 100 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді. 01 желтоқсан жағдайына аудан бойынша 3232 отбасы 18276 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 1 297 927,0 млн.теңге бөлініп, 970 162,8 млн.теңге игерілді.
Осымен қатар, 4 247 көп балалы отбасыларға тегін жол жүру куәлігі берілді (Алтын алқа игерлері – 47, Күміс алқа иегерлері - 354).
«Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүгедек балаларға және жетім балаларға әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Қазіргі таңда, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде есепте тұрған 125 азаматқа жолдама берілді. (Олар: «көпбалалы отбасы 57», «толық емес отбасы 30» «Мүгедек баласы бар жанұя 38».)
Қазіргі таңда несиесі мақұлданған 44 азаматтың 30 азамат қолданыстағы үйлерден, 14 азамат жаңадан қолданысқа берілген үйлерден алуда.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудан тұрғындарының 74,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2019 жылға Қызылтөбе ауылдық округінде су желісі құрылысына республикалық бюджеттен 760 млн.теңге бөлініп (2018 жылға 300 млн.теңге), толықтай игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 60%-ға орындалды. (жоба құны 2 млрд. 30 мың теңге)
«Жоба құны 720.76 млн.теңге болатын Бесшоқы тұрғын үй массивін сумен қамту желілер құрылысы» а.ж наурыз айында басталды. Жоба құрылысына республикалық бюджеттен 415.55 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 65%-ға орындалды.
«Айрақты тұрғын үй массивін сумен қамту желілер құрылысы» нысанына 2019 жылға 233.2 млн теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 70%-ға орындалды. (жоба құны 306.08млн. теңге)
Қазіргі уақытта «Каспий су тұщыту» зауытынан аудан тұрғындары үшін тәулігіне 16 - 17 мың текше метр ауыз су алынып, кесте бойынша тұтынушыларға жіберілуде.
Басқұдық ауылдық округінде жаңадан салынған тұрғын үйлерге ауыз су құбырын тарту үшін бұрынғы жасақталған жобалық-сметалық құжаттарға түзету енгізіліп, қосымша жоба жасақталды. Жоба құны-963 млн.теңге. Жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныс жолданды.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы. 2018-2019 жылдары Маңғыстау ауылынан 24 пәтерлік 7 үйдің және Батыр ауылдық округінен 4 пәтерлік 26 үйдің құрылысы аяқталып, 319 азаматқа пәтер бөлініп (2019 жылы 149 адамға берілді), кілттері табысталды. Қазіргі таңда, кезекте тұрғандардың саны 3080 адамды құрайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бастау алған «Әр қазақ менің жалғызым» атты акциясы аясында Батыр ауылдық округінен 2 тұрғын үй аудан тұрғындарымен кәсіпкерлер демеушілігімен салынып қараша айында қолданысқа берілді.
Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 24 пәтерлік 12 үйдің барлығы - 288 несиелік пәтер құрылысы салынып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы барлық 288 пәтер сатылымға жіберілді. Бүгінгі күні, 284 шарттан сатылым соммасын 1 536 млн. теңге құрайды.
Бұдан басқа, Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде және Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Осы жобалар дайындалып, қаржыландырылып, құрылысы жүргізілген жағдайда тұрғын үй кезектілігін азайтуға септігін тигізеді.
Басқұдық ауылдық округінен 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 100 млн.теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды.
«Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылға Маңғыстау ауылынан республикалық және жергілікті бюджеттен 428,5 млн.теңгеге ауылдың көше жарығын және ауылішілік жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша 10 жоба, 1 жоба құрылыс мақұлданып, жобалар жүзеге асырылуда.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында Маңғыстау ауылында орналасқан, 1967-69 жылдары салынып, қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін 4 тұрғын үйдің құжаттары әзірленіп, жалпы сомасы-434 млн.теңгеге жобалық сметалық құжаттары жасақталып, қаржыландыруға ұсыныс берілді.
Жалпы аудан бойынша осы жылы елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыруға 85 млн.теңге бөлініп, 5 567 түп ағаш отырғызылды, жалпы ұзындығы 7 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды, жергілікті бюджеттен 20 млн.теңге бөлініп, 570 дана қоқыс жәшіктері сатып алынды.
Жер мәселесі. Мұнайлы ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін жеке тұрғын үй құрылысына арналған дайын алаңдардың болмауына байланысты, ауыл және ауылдық округтердің әкімдіктерінде жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін сұрап кезектілікке 32 409 азамат тіркелген. Аудан аумағындағы ауыл және ауылдық округтердің бекітілген бас жоспарларына сәйкес, 2 907 жер телімін беру мүмкіндігі қарастырылған. (Оның ішінде, Баянды ауылынан – 1050, Маңғыстау ауылынан – 150, Батыр ауылдық округінен – 656, Дәулет ауылдық округінен – 300, Қызылтөбе ауылдық округінен – 751 жер телімі).
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым (тоқ және газ) желілеріне жобалық сметалық құжаттама жасақтауға 124, 7 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Бүгінгі күнде, Қызылтөбе және Дәулет ауылдық округтерін және Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массивін газбен қамту құрылысының және Батыр ауылдық округінің электрмен қамту құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып сараптамадан қорытындысы алынды. Жоба құны 2 570,1 млн. теңге. Қалған ауылдарда электр желісімен бірге газ жүйесін тартуға жобалық сметалық құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан қорытындылары күтілуде.
Осы ауылдардың инженерлік-инфрақұрылымдары жүргізілген жағдайда тізім бойынша кезекте тұрған аудан тұрғындарына жер телімі берілетін болады.
Ауданда мақсаты бойынша игерілмеген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер телімдерін анықтау бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.
Ағымдағы жылдың басынан бері нысаналы мақсатына сай игерілмеген барлық мақсаттағы жалпы көлемі 8814,333 га құрайтын 79 (ауыл шаруашылығы мақсатындағы 53 (көлемі: 8636,4 га) жер және кәсіпкерлік мақсатындағы 26 (көлемі: 177,933 га) жер) жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары тиісті шаралар алу үшін Маңғыстау облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. Сондай-ақ, екі жакты келісім-шарт талаптарын орындамағаны үшін 8 жер учаскесі сот тәртібімен мемлекет меншігіне кері қайтарылды.
Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелерін сауда-саттықта табыстау үшін жыл басынан бері барлығы 4 аукцион өткізілген болатын. Нәтижесінде, жалпы көлемі 15,0843 га құрайтын 84 жер учаскесінен бюджет есебіне 37 496 917 теңгеге көлемінде қаражат түсті. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 2309,9 га құрайтын 17 жер конкурста табысталды.
Қазіргі уақытта аудандағы өзекті мәселелердің бірі ауылдарды ауылішілік жолмен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктердің, тұрғындардың жүріп тұруына қолайлы жағдай туғызатыны анық.
2017–2018 жылдар аралығында аудан бойынша 37,8 шақырымды автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды, оның ішінде 2017 жыл 18,3 шақырымды жол, 2018 жылы 1,8 шақырымды асфальт, 3,2 шақырым қатқыл табанды автокөлік жолы салынды. 2019 жылы 6,5 шақырым асфальт жабынды және 1,8 шақырым қатқыл табанды автокөлік жолының құрылысы салынды.
Сонымен қатар, 2016 – 2018 жылдар аралығында мемлекеттік сарапта қорытындысы алынған Баянды ауылының Баянды-2,3 елді мекеніндегі №3 орта мектепке кіре беріс автокөлік жолы (2023 метр), Басқұдық ауылдық округінің ұзындығы 2,2 шақырым ауылішілік автокөлік жолы, Басқұдық ауылдық округінің 4,3 шақырым автокөлік жолдарының құрылысын бастау үшін бюдежеттен қаражат бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы берілді.
Атамекен ауылдық округінің 3 шақырым ауылішілік жолы автокөлік жолының құрылысын салу үшін қаражат бөлуге ұсыныс берілді. Жоба құны 134 млн.теңге.
Қылмыстық ахуал. Ауданда қылмыстардың алдын алу, қоғамға қарсы бағытталған құқық бұзушылықты болдырмау, оқушылар мен студенттер арасында, сондай-ақ, топтық қылмыстарды болдырмау мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылып келеді. Айыппұл салынған адамадар саны - 13841 (оның ішінде өндірілген адам саны 8900), айыппұл соммасы – 104,8 млн.теңге, өндірілген сомма – 77,7 млн.теңге. 74 %.
Аудан көлемінде тіркелген жалпы қылмыс саны 19,4 пайызға (682-тен 548-ға), оның ішінде ұрлық қылмыстары 28,6 пайызға (329-дан 235-ке), тонау қылмысы 68,4 пайызға, (19-дан 6-ға) бұзақылық қылмыстары 65,4 пайызға (52-ден 18-ге), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 17,5 пайызға (137-ден 113-ке).
Есебімді қорытындылай отырып, аудандағы өзекті мәселелерге тоқталып кетейін:
1. Аудан мектептеріндегі 3 кезеңдік оқу процессін жою және балаларды тасымалдап оқытуды болдырмау;
2. Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысын бастау (Нысанның (150 төсектік) жобалық сметалық құжаттарын жасақтау бойынша облыстық құрылыс басқармасымен тапсырыс берілді. Қазіргі таңда, алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылатын болады).
3. Ауданда ауылішілік автомобиль жолдарын салу және жөндеу;
4. Елді мекендерді толық ауыз сумен қамтамасыз ету



