«ЖҰЛДЫЗ» БІРІНШІ КЕЛДІ

    «ЖҰЛДЫЗ» БІРІНШІ КЕЛДІ

    Жарысқа қатысқан онға жуық тайдың арасынан осы жолы жымпитылық Әлібек Исмағұловтың «Жұлдыз» атты тайы мәреге бірінші келді. Шабандозы – Бекжан Сәмиғоллин. Ал, екінші және үшінші орынды өлеңтілік атбегі Төлеби Қайыржановтың тайлары алды. Бұл жеңістер - Хамит Тұрлыхан шапқан «Алаяқ» пен Нұрсұлтан Өтепов шапқан «Ханшайымның» алғашқы нәтижелері ғана. Жанкүйерлер алдағы жарыстарда Төлебидің тайлары топ бастайды деп топшылауда.

    - Тай жарысының маусымы өте сәтті басталуда. Жарыстар енді қызады. Келесі жолы тай жарысынан бөлек, ауыл жастары арасында аударыспақтан сайыс өткізуді жоспарлап отырмыз. – дейді «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.

    Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

    Сырым ауданы

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.