АҚТАУДА ІРІ КУРОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛАДЫ

    АҚТАУДА ІРІ КУРОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛАДЫ

    АҚТАУДА ІРІ КУРОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛАДЫ Биыл Ақтаудан 20 шақырым жерде бір мезгілде 1 мың адамды қабылдай алатын ірі курорттық кешен ашылады. «Жылы жағажай» аумағында «AKTAU RESORT HOTEL» көпфункционалды туристік қонақ үй кешенінің құрылысы 2019 жылдың маусым айында басталған еді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 30% аяқталды. Құрылыс басында 750 адам еңбектенуде. Туристік нысанның 1-кезеңін 2020 жылдың маусым айында аяқтау жоспарлануда. Мұнда наурыздан бастап қазан айына дейін Каспийдің мөлдір суына түсіп, құмына қыздырынуға болады. Аквапарк пен ашық бассейндер арнайы құрылғының көмегімен жылынбақ. Қонақүй кешенінің жалпы аумағы 130 гектар. Курорттық орталық іске қосылған соң 750 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асырушылар туристік кешенде жұмыс істейтін мамандарды даярлау ісіне орай облыс әкімдігімен келісім жасады. Өткен жылдың желтоқсан айында Маңғыстау туризм колледжі базасында қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі мамандықтары бойынша «Rixos Aktau Training Aсademy» бағдарламасымен ақысыз негізде қысқа мерзімде кадрларды оқыту басталды. 400 маман 1 айлық курстан өтіп, сертификаттарға ие болды. Бүгінде кадрларды даярлау жұмыстары жалғасуда. 2020 жылдың мамыр айына дейін 1200-ден астам адамды оқыту жоспарда бар.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.