
7-9 ақпан аралығында Семей қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир болып өтті. Осы жарыста Абай ауданының құрама командасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальдарын иеленді.
Жас спортшыларымызды шыңдап, дайындаған аудандық спорт мектебі жаттықтырушыларына алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа жеңістер тілеймін!



