
Ауданымызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бекітілген іс-шаралар кешенінің Концепциясына сәйкес «Абай туған жер осы» атты аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы басталды.
Байқауды алғаш болып Көкбай ауылының көркемөнерпаздары өз өнерлерін ұсынды. Концерттік бағдарламада М.Әуезов шығармашылығынан алынған «Абай» көрінісі, Абай әндері, қарасөздері, орындалды.
Адамзатты парасаттылыққа шақырушы ақын болмысын ашудағы ауыл өнерпаздарының концертіне ауыл халқы ризашылық білдірді.




