
9 ақпанда 6636 әскери бөлімінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайысқа қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап беріп, "Жыр жазамын Абайдың үлгісімен" деп өздері шығарған өлеңдерін оқып берді.

Өнер сайысы қорытындысы бойынша жүлдегерлер диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші орынға комендант ротасының әскери қызметшісі қатардағы Саят Әнуарбек ие болса, 2-ші орынды автомобильді ротасының әскери қызметшісі қатардағы Аян Бисенов еншіледі, ал 3 орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери қызметшісі қатардағы Құмарбек Рамантай иелік етті.


