Ақшұқырдағы әлеуметтік нысандарды аралады

    Ақшұқырдағы әлеуметтік нысандарды аралады

    Ақшұқырдағы әлеуметтік нысандарды аралады

    Аудан әкімі Айбек Қосуақов Ақшұқыр ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. "Жауқазын", "Бәйтерек" балабақшасы мен М.Әбдіхалықов атындағы орта мектепке барып, тәрбиешілермен, мұғалімдермен тілдескен аудан басшысы Ақшұқыр мектеп лицейіне де ат басын бұрды. А. Қосуақов мектеп төбесінің тозуына байланысты жаңбыр суының ағуынан зардап шегіп отырған ғимараттың аталған мәселесін тез арада шешуді тиісті орынға жүктеп, бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
    Аудан басшысы сонымен қатар, Бегей жерінде орналасқан отандық өнім өндіруші "Тетис" жеке шаруашылық серіктестігіне қарасты су тұшыту зауытына және "Suleimen promotions" жабық спорт кешеніне барды. Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін ашылуы жоспарланып отырған жабық спорт кешені "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаржысына салыну үстінде.

    Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.