Қызылорда қалық соттарында 2012 жылы соттарда мемлекеттің материалдық мүддесіне қатысты барлығы 477 (1324) азаматтық іс қаралып, олардың 446-і (1200) бойынша талапкерлердің талаптары қанағаттандырылса, 31 талап арыз (124) қанағаттандырусыз қалған.
Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда аталған санатта қаралған азаматтық істер 63 пайызға кеміген.
Талдау қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттің мүддесіне қатысты қаралған азаматтық істердің 223 (46%) салық және кеден органдарының жеке тұлғалардан салық және кедендік төлемдерді өндіру санатында болған.
Сонымен қатар, қала әкімдігінен тең бағалы жер алып беру жөнінде 112 азаматтық іс қаралса (26%), мемлекеттік органдармен тыйым салынған мүліктерді тыйымнан босату жөнінде 78 іс (18%), иесіз мүлікке коммуналдық меншікті тану жөнінде 33 (8%), тұрғын үй кезегін қалпына келтіру жөнінде 31 іс (7%) қаралған.
Мысалы, Қызылорда қалалық сотының (судья Н.Нұрғалиев) 15.10.2012-жылғы сырттай шешімімен талапкер «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-ң жауапкер А.Баисейтовадан артық төленген 30 862 теңгені мемлекет пайдасына өндіру жайлы талап арызы қанағаттандырылған.
Сот отырысында анықталғандай, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК (әрі қарай - РМҚК) сотқа берген талап арызында зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының облыстық филиалы (әрі қарай - ЗТМО) жауапкер А.Баисейтова 21.09.2011 жылы туылған Т.Талғатұлыға бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 10 920 теңге жәрдем ақы тағайындалған.
02.12.2011 жылғы Қызылорда облыстық Әділет департаментінің хабарламасына сәйкес Т.Талғатұлының 21.11.2011 жылы қайтыс болғаны анықталып, жәрдемақы тоқтатылған.
Сол аралықта, яғни 01.12.2011 жылмен 29.02.2012 жыл аралығына 30 862 тенге жәрдемақы артық аударылып, жауапкер өз есеп-шотына аударылған ақшаны білмей, алып жұмсап қойғандығын, қазіргі уақытқа дейін мемлекетке келген залалды өз еркімен республикалық бюджетке қайтармағанын көрсетіп, А.Баисейтоваға артық төленген жалпы сомасы 30 862 теңге залалды орындаушылық өндіріс тәртібімен мемлекеттің пайдасына толығымен қайтару мақсатында шешім шығарып беруді және сот шығындарын жауапкерден өндіруді сұраған.
Талдау мерзімінде осы санаттағы азаматтық істер апелляциялық мерзімде бұзылып, өзгеру фактілері орын алмаған.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі


