Жаңақорған аудандық прокуратурасымен қадағалау аумағында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қолданылуына тексеру жүргізілді.
Тексерумен қамтылған Жаңақорған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақармасының мамандары қатыстырылып, №3 мектеп-интернатында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, аталған мектеп жалпы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді, нақтыласақ, жылу, су және канализация жүйелері трубаларының тозығы жеткен, есік терезе және еден ағаштары ескірген, еденнің кейбір жерлерінің арасы ашылып шіріген.
Сыныптағы оқушылар бір партада 3 баладан отырғызылып, оқытылады, терезелерге қыс маусымында кленка қағылып, сыныптардакөленкелік жағдай туғызып, күн сәулесі және жарық толық көлемде түспейді.
Осыған сәйкес, оқу бөлмелерінің жасанды және табиғи жарықпен қамтамасыз етуін анықтау барысында зертханалық 31 нүктеден жарық өлшеніп, оның 5 нүктеден жарық түсуі санитарлық талаптарға сай келмейтіні анықталған.
Сонымен қатар, мекемеде оқушылардың парталары, үстелдердер, орындықтар, керуеттер және шкафтар жеткілікті болғанымен, тозығы жеткен. Парталар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.
Жүргізілген тексерумен асханада 8 қол жуғыш қойылып, раковиналары шіріп, тозығына жеткен. Асхана бір мезгілде 199 балаға тамақ беруге арналса, 1,2-тамақ қабылдауға тексеру барысында 100 тарелка және 100 қасықпен ғана қамтамасыз етілгендігі анықталған.
Мекемеде тамақ дайындау орнында ыдыс жуу раковиналары тозығына жеткен, ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, сонымен қатар 6 көздік электр плитасы болса, оның 3-уі істен шыққан. 4 көздік газ плитасы болғанымен, тексеру барысында істемей тұрған.
Ғимараттың балалар жатын бөлмелерінде керуеттер тығыз орналастырылған.
Қазақстан Республикасы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, ұйымдар өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырудағы міндеттері көрсетілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы» 16.01.2009 жылғы №14 Қаулысының талаптарының бұзылуына жол берілген.
Нақтыласақ, аталған Қаулының 378-тармақшасына сәйкес өртке қарсы қабырғалардың, аражабындар мен қоршау құрастырылымдарының түрлi инженерлiк және технологиялық коммуникациялармен қиысатын жерлерiнде пайда болатын тесiктер мен саңылаулар құрылыс ерiтiндiсiмен немесе отқа төзiмдiлiгiнiң қажеттi шегiн және түтiн-газ өткiзбеушiлiгiн қамтамасыз ететiн басқа жанбайтын материалдармен бiтелуге тиiс болса, бұл талаптар тиісті дәрежеде орындалмаған.
Сол сияқты, Қаулының 522-тармақшасына сәйкес ғимараттың, ғимарат және құрылыстың түтiнге қарсы қорғау жүйелерiнiң сору желдеткiштерi адамдарды эвакуациялау (эвакуациялау жолдарында адамдарды қорғау кезiнде) үшiн қажеттi уақыт iшiнде немесе өрттiң белең алатын және сөндiретiн (өрт қауiпсiз аймақтарда адамдарды қорғау кезiнде) барлық уақыт көлемiнде жоғары температуралы жану өнiмдерiн тарату кезiнде жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтауға тиiстілігі көрсетілсе, электр желілері аталған талптарға сай жүргізілмесе, тозығы жеткен электр желілері ауыстырылмаған.
Сондықтан аталған заң бұзушылықтарды келешекте болдырмауға нақты іс-шараларды қабылдап, оған жол берген кінәлі лауазым иелеріне заңда көзделген тиісті шараларды қолдануға Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына және Жаңақорған төтенше жағдайлар бөліміне ұсыныс енгізіліп, кінәлі лауазым иелерінің әкімшілік жауапкершіліктері шешілген.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі



