Сыбайлас жемқорлық - мемлекетіміздің дамуы мен ұлттық қауіпсіздікке, құқықтық мемлекет құру және демократияның дамуы принциптеріне қауіп төндіретіні белгілі.
Елімізде 1998 жылдың шілде айының 2-ші жұлдызында сыбайлас жемкорлық жат құбылысын қоғамымыздан аластау мақсатында Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданған.
Мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың 11 айында аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық санатында 3 қылмыстық іс қозғалып, айыптау қорытындысымен аудандық сотқа жолданған.
Мысалы, Жаңақорған кентінде орналасқан «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Кемелбеков Есимхан қызметтік жалғандық жасау, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола тұра ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, өзіне және басқа адамдарға артықшылық алу мақсатында оқушылардың санын негіссіз арттырып, яғни 2012 жылдың маусым айында өткізілген сабақтарға және аттестат алдындағы мемлекеттік емтиханға қатыспаған Б.Ахантайға, М.Буйрашовқа және К.Сапаровқа қазақ тілі, алгебра, орыс тілі пәндерінің жазба жұмыстарын мектеп мұғалімдеріне жазбаша орындатып, өзі тарапынан Б.Ахантайға ЖОБ № 0474068 санды, М.Буйрашовқа ЖОБ № 0474065 санды, К.Сапаровқа ЖОБ № 0474066 санды жалпы орта білім туралы аттестаттары мен олардың қосымшаларын мекеме мөрін баса отырып жазбаша толтыру арқылы қол қоюмен бекітіп заңсыз дайындаған.
Сөйтіп, сотталушы Е.Кемелбеков мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола тұра, ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтер енгізіп, қызметтік жалғандық жасап, ҚР ҚК-нің 314-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.
Жаңақорған аудандық сотының 24.10.2012 жылғы үкімімен сотталушы Кемелбеков Есимхан К-нің 314-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеуге сотты болған.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі


