Қарақшы тиісті жазасын алды

    Ратов Мейрамбек Тансықбаевич жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып бөтен мүлікті ашық ұрлау мақсатында, 23 қыркүйек 2012 жылы 20 сағат 30 минуттар шамасында, тергеумен толық аты-жөні анықталмаған «Гүлмира» есімді танысының туылған күнін атап өту үшін, оның тұрғылықты мекен-жайына барып, туылған күн кешінде дастархандас болған Турумбаева Алиямен бірге қайтуға ұсыныс білдіріп, екеуі отырысты жалғастыру мақсатында Қызылорда қаласы, Тоқмағамбетов көшесімен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан «Жастар» кафесіне барып, кафеде сотталушы М.Ратов өзімен бірге отырған жәбірленуші А.Турумбаеваның қол сөмкесінде тұрған ақшасын көріп, А.Турумбаева кафе сыртына шығып ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған кезінде, сотталушы М.Ратов айналаны бағдарлап, қылмыстық әрекетіне тыйым салатын бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізген соң, жәбірленуші А.Турумбаеваның оң қолында ұстап тұрған құны 30 000 теңге тұратын «Нокия-2700» үлгісіндегі ұялы телефонын жұлып алып, жәбірленушінің оң бетінен сол қолының жұдырығымен ұрып құлатып, қолындағы қол сөмкесін тартып алып, ішіндегі тұрған 100 000 теңге ақшасын ашықтан ашық тонап алып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Соның салдарынан жәбірленуші А.Турумбаеваға 130 000 теңге мүліктік залал келтірген.

    Сөйтіп, Ратов Мейрамбек Тансықбаевич жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, бөтен мүлікті ашық ұрлап, тонап, яғни ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а»-тармағында қаралған қылмысты жасағаны үшін айыпталған.

    Қылмыстық істің заңдылығы қалалық прокуратурамен зерделеніп, ҚР ҚІЖК-нің 280-бабының талабына сай, сотқа жолданған.

    Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушы Ратов Мейрамбек Тансықбаевичті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

    Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.