Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде есірткі заттарды заңсыз дайындағаны, өндегені, сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Дегенмен, Қызылорда қаласының кейбір тұрғындары заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасап, қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотпен бас бостандығынан айырылу жазасына сотты болған.
Атап айтқанда, қала тұрғындары С.А. мен Ә.Н. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, ірі мөлшерде өсіруге тыйым салынған сора өсімдік сорттарын заңсыз егіп, өсіру және есірткі затын өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде сақтау мақсатында өзара қалмыстық келісімге келіп, 2012 жылдың маусым айының басында Қызылорда қаласы, Бірқазан елді мекенінен оңтүстік батысқа қарай үш шақырым жерге сора өсімдігінің тұқымын және төсек орындары мен тамақтарын, жер өңдейтін құралдарын, жер асты суын шығаратын колонкасы мен оның шлангасын , ыдыс аяқтарын алып барып, өздерінің құрал саймандарымен диаметрі 1,5 метр, тереңдігі 8-метр болатын құдық қазып, ол құдықтан су шығаратын колонка орнатып, сол құдықтың айналасындағы жерді өңдеп, сол аймаққа 750- түп құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған сора өсімдігінің тұқымын егіп, су айдағыш колонка арқылы суарып, күтіп, баптаған.
Сонымен бірге, нақты тергеумен анықталмаған күні өздерінің өсірген сора өсімдігінің жапырақтарын жұлып, өңдеп, ол жапырақтарды кептіріп, өте ірі мөлшердегі кептірілген марихуананы пропилен қаптарға және полиэтилен пакетке салып, заңсыз сақтап, 22 қыркүйек 2012 жылы сағат 22-00 шамасында Қызылорда облыстық ішкі істер Департамнетінің полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қала тұрғындары С.А. мен Ә.Н. ұсталып, заңсыз егіп, өсірген барлығы 750 (жеті жүз елу) түп «сора» сортты өсімдіктері айғақтардың қатысуымен заттай дәлелдеме ретінде алынған.
Осыдан кейін, сотталғандардың сол егін алқабының жанында орналасқан уақытша тұрып жатқан үйшігінен бес қапқа және бір пакетке салынған ерекше иісі бар өсімдік айғақтардың қатысуымен заттай дәлелдеме ретінде алынған.
Тағайындалған сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысымен айғақ зат ретінде алынған ерекше иісі бар зат жалпы салмағы 14 708 грамм марихуана болғаны нақтыланған.
Аталған оқиға бойынша ОІІД-мен қала тұрғындары С.А. мен Ә.Н.-ге қатысты ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 259-бабының 1-1-бабымен, 262-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен қылмысытық іс қозғалып, тергеу нәтижесімен қылмыстық іс айыптау қорытындысымен қалалық прокуратураға түсіп, прокуратурамен қылмыстық іс зерделеніп, негізінен қарауға қалалық сотқа жолданған.
Қызылорда қалалық сотында С.А. мен Ә.Н-нің қылмыстық іс әрекеттері дәлелденіп сот тергеуінеде дәлелденіп, осы соттың 12.12.2012 жылғы үкімімен С.А. мен Ә.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 259-бабының 1-1-бабымен, 262-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, С.А. 5 жылға бас бостандығынан айырылуға, Ә.Н. 4 жылға бас бостандығынан айырылуға, жазаларын түзеу колонияның жалпы режимінде өтеуге сотты болған.
Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі



