Аудандық прокуратурамен жүргізілген тексеру қорытындысымен, заң бұзушылыққа жол берген тиісті қызметкерлер жауапкершілікке тартылды

    Қазалы аудандық прокуратурамен «Қазалы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы талаптарының қолданылуына тексеру жүргізіліп, төмендегідей заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

    Аудан бойынша 76 мемлекеттік мекеме және 28 мемелекеттік коммуналдық кәсіпорын жұмыс атқаруда. Соның ішінде: шаруашылық жүргізу құқығындағы – 3 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жедел басқару құқығындағы – 23 мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар және 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

    Мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген коммуналдық мүліктің тиімділігі мен мақсатты пайдалануын жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарының тіркеуші органдарда тіркелуін қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 23 шілдедегі №335 бұйрығын және аудандық қаржы бөлімі өз Ережесін басшылыққа ала отырып барлық бағдарламалар әкімшілері бойынша ауданның коммуналдық меншігіндегі негізгі қорға жататын ғимараттарды, құрал – жабдықтарды, автотранспорт құралдарын, басқа да заттарды түгендеу жұмыстары жүргізілді.

    Нәтижесінде коммуналдық меншіктегі мүліктер тізіміне 1073 жылжымайтын мүлік, оның ішінде: 19 әкімшілік кеңсе ғимараты, 16 клуб, 6 мәдениет ғимараты, 36 мектеп, 16 балабақша ғимараты, 148 үй, 46 қызметтік автокөлік, 685 компьютер, 53 канал, 15 арық, 10 бөгет, 347 километр аудандық маңыздағы автомобиль жолдары, 802,6 километр негізгі жол қатынасы ретінде пайдаланып отырған шаруашылық автомобиль жолдары, 9 су тұшыту қондырғысы, 50 скважиналар, 16 шахталы құдықтары, 4 қалқымалы көпір, 3 мал көмінділері бар.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының талабына сәйкес, ауданаралық облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары: аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беретіндігі бекітілген.

    Осыған байланысты, аудан әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы «Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын құру туралы» №258 қаулысы қабылданып, Әйтеке би кентінде №11 «Балапан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылған және басқару органы «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып бекітілген.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабында, ауданның жергілікті атқарушы органдары аудандық коммуналдық меншікке басқаруды және оны қорғауға байланысты шаралар жүзеге асыратыны, аудандық коммуналдық меншікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беретіні көрсетілген.

    Алайда, тексерумен қабылдау актісінің 17 тармағында көрсетілген пайдалануға қабылданатын негізгі қорлардың сметалық құны 426661,54 мың теңге оның ішінде: құрылыс-монтаж жұмыстары 322558,41 мың теңге, жабдықтар, құралдар мен құрал-саймандар 36985,37 мың теңге мүліктері ауданның коммуналдық меншігіне бүгінгі күнге дейін қабылданбай, аудандық білім бөліміне бекіту жұмыстары атқарылмағаны анықталды.

    Осыған байланысты, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы аудандық прокуратурамен 10.12.2012 жылы аудандық қаржы бөліміне ұсыныс келтіріліп, қаралу қорытындысымен қаржы бөлімінің бас маманы С.Дайрабаевқа 10.01.2013 жылы №5 бұйрықпен «ескерту» берілді.

    Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.