Кәсіпкерлік субъектінің құқықтарын жүзеге асыруда көрінеу кедергі келтірген басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

    Сырдария аудандық прокуратурасына кәсіпкерлік субьектіден түскен арызға сәйкес Сырдария ауданы, Шіркейлі елді мекенінде орналасқан МКМ-сі №15 «Нұрбақыт» балабақшасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заң (бұдан әрі - Заң) талаптарының орындалуына тексеру жүргізілді.

    «Нұрбақыт» балабақшасымен (бұдан әрі - Балабақша) веб портал арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 180 дана «Постельное белье комплект» (төсек жаймалары) тауарын 360 000 теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізіліп, оның 21.06.2012 жылғы №9734860 қорытыңдысымен «Баймаганбетова» ЖК-і ең төмен баға ұсынысымен (171 000 теңге) жеңімпаз болып танылып, Балабақша меңгерушісі Б.Мусаевамен мемлекеттік сатып алу қорытыңдысы бекітілген.

    Заңның негізгі принциптерінің бірі ретінде мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы және отандық кәсіпкерлерді қолдау болып танылған.

    Сонымен қатар, Заңның 13-бабының 19) тармақшасында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі мен олардың көлемін айқындайды деп белгіленген.

    Осыған орай, «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Қаулысы (бұан әрі - Қаулы) қабылданған.

    Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітіліп, онда «төсек жаймаларының барлық түрлері» Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатындығы бекітілген.

    Сонымен бірге Қаулыда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде олар өндірген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды, осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 (жүз) пайызы көлемінде жүзеге асыратындығы көрсетілген.

    Ал, Қаулының 6-тармағында хабарландыру мәтінінде басқаларымен қатар конкурс және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға тек Ұйымдар ғана жіберілетіні көрсетіледі делінген.

    Заңның 44-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

    Алайда, балабақшамен веб портал арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бюджет қаражаты есебінен 180 дана «Постельное белье комплект» (төсек жаймалары) тауарын мемлекеттік сатып алу барысында хабарландыру мәтінінде аталған сатып алуға мүгедектер қоғамдық ұйымдары ғана жіберілетіндігі бекітілмей, осының салдарынан мемлекеттік сатып алудың 21.06.2012 жылғы №9734860 қорытыңдысымен жеке кәсіпкер «Баймаганбетова» жеңімпаз болып танылған.

    Осыған сәйкес, аудандық прокуратурамен «Нұрбақыт» балабақшасына аталған мемлекеттік сатып алу қорытыңдысының күшін жою мақсатында 03.07.2012 жылы наразылық енгізіліп, оның қаралу қорытыңдысымен 09.07.2012 жылы мемлекеттік сатып алудың №9734860 қорытыңдысының күші жойылған.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының, 1-тармағының 12) тармақшасында жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда көрінеу кедергі жасау сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады делінген.

    Осыған сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол беріп, мемлекеттік сатып алу қорытыңдысымен мүгедектер қоғамдық ұйымдарының құқықтарын жүзеге асыруда көрінеу кедіргі келтірген Балабақшаның меңгерушісі Б.Мусаеваның тәртіптік жауапкершілігін шешу мақсатында аудандық прокуратурамен аудандық білім бөліміне ұсыныс енгізіліп, нәтижесімен аудандық білім бөлімі бастығының 27.07.2012 жылғы №153 бұйрығымен Б.Мусаеваға «қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.

    Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.