Еліміздің Президенті кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселесіне айрықша мән бере отырып, мемлекет масштабында негізгі бағыттарын айқындағаны белгілі.
Бұл тұста, прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға кең көлемді іс-шаралар тұрақты түрде атқарылып келеді.
Осыған байланысты, облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен 22.02.2013 жылы сағат 16:00-де Қызылорда облыстық прокуратура ғимаратының «Қазақстан» мәжіліс залында «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы аясында дөңгелек үстел өткізіледі.
Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектерді назарларына жеткізу, бақылау және қадағалау заңнамалары талаптарын қолайлы түсіндіру, кәсіпкерлерге қатысты туындаған проблемалық мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.
Осыған орай, кәсіпкерлерді «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы аясында өткізілетін дөңгелек үстелге белсенді қатысуына шақырамыз.
Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі


