Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.

    Қармақшы аудандық прокуратурасымен аудан көлемінде орналасқан мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылуына, оның ішінде жалақы қарыздарының бар-жоқтығына үнемі мониторинг жүргізілуде.

    Осыған байланысты, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында «Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-да жұмыс атқаратын 226 қызметкерлердің алдында 2012 жылдың желтоқсан айына жалпы 10 619 486 теңге жалақыдан қарыздары қалыптасқандығы анықталды.

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 134-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында ұжымдық шартта көзделеді.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп көрсетілген.

    Осыған орай, аудандық прокуратурамен аурухана қызметкерлерінің жалақыларын өңдіру мақсатында «Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-на заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізіліп, нәтижесімен қазіргі уақытта орталық ауруханада жұмыс атқаратын 226 қызметкерлердің 10 619 486 теңге жалақы қарыздары толығымен өтеліп, аурухана қызметкерлерінің конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді.

    Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.