Ағымдағы жылдың 15 ақпанында облыс прокуроры С.Нұрпейісовтің төрағалық етуімен ведомствоаралық семинар-кеңес отырысы өткізілді.
Аталған семинар-кеңеске қалалық прокуратураның жедел қызметкерлері, облыстық құқық қорғау және арнайы органдары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің өкілдері, сот-медициналық сараптама орталығы мен сот-сараптама институтының сарапшылары қатысты.
Семинар-кеңестің күн тәртібінде «Терроризм мен экстремизм бойынша тергеу жүргізу ерекшеліктері және осы санаттағы қылмыстарды әшкерелеудегі тергеу-жедел тобының қызметі, оны жетілдіру мүмкіндіктері» туралы талқыланды.
Семинар-кеңеске шақырылған тұлғалар баяндамалар жасап, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандарына тоқталып, өтті.
Отырыстың қорытындысымен терроризм мен экстремистік көріністерге байланысты қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау жасақталуын, семинарға қатысушылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, тиісті заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Бас прокуратурасына хат дайындау және тағлымнама өту бағдарламасында қала, аудан прокуратуралары қызметкерлерінің терроризм мен экстремизм жағдайларында әрекет ету тәжірибесін қалыптастыру мәселелері қаралды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.


