ШЫМКЕНТ ӘКІМІ KAZAKH INVEST КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ KAZAKH INVEST КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясының өкілдері көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобамен таныстырып өтті.

    Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала басшысы аймақта шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.

    Сондай-ақ, әкім мегаполис Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдерімен теміржол және әуе арқылы байланысатынын атап өтті.

    Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.