
18.02.2020 күні облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен жастардың қоғамдық орындардағы мәдениетін қалыптастыру және рухани-мәдени құндылықтарға тәрбиелеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасы көрсетілді.
Мелодраманы тамашалауға Тараз қаласындағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жас мамандары шақырылды.
Театр биік мәдениет орны екенін ескере отырып, жастардың арнайы дресс-кодпен (кешкі, сәнді киім немесе классикалық киім үлгісі) келуі қадағаланды.



