
2019 жылғы 14 наурызда облыс әкімі орынбасары М.Жүндібаевтың қатысуымен алқа отырысы өтті. Алқа отырысына облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, мәдениет басқармасының өкілдері, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары және тіл саясатын іске асыруға жауапты мамандары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Алқа отырысында облыстағы тіл саясатын іске асырылу барысы туралы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.Бекенов, Таран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Құлжанова, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Ербатырова сөз сөйледі.
Қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.


